СОТТА ТАРАПТАРДЫҢ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ

АХҚО Соты тараптардың мүдделерін АХҚО Сотында өкілдеуге арналған кең ауқымды құқықтарды ұсынады.

Заңгерлер мен адвокаттар АХҚО Соты Тіркеушісінің рұқсатымен және АХҚО Сотының аппаратында тіркелгеннен кейін, АХҚО Сотында қаралатын даулар бойынша тараптардың мүдделерін келесі жолмен өкілдей алады:

  1. Әлемнің кез-келген нүктесінен жұмыс істейтін адвокаттың немесе заңгердің кәсіби сертификатын иемденетін барлық заңгерлер мен адвокаттар жұмыс істейтін, адвокаттың қолданыстағы сертификатын және адвокаттардың қызметін реттейтін, тиісті органнан өзінің тиісті мәртебесін растайтын хатты АХҚО Сотының аппаратына ұсынғаннан кейін, сот істерінде тараптардың мүдделерін өкілдеу үшін АХҚО Сотының аппаратында тіркелу құқығын иемденеді.
  2. Кәсіби адвокат немесе кәсіби заңгер сертификаты жоқ заңгерлер де құқық бакалавры дипломын және өтініш беруші – тараптың өкілі ретінде көрсетілген екі сот қаулысын АХҚО Сотының аппаратына ұсынғаннан кейін, АХҚО Сотымен қаралатын даулар бойынша тараптардың мүдделерін өкілдеу үшін АХҚО Сотының аппаратында тіркелу құқығын иемденеді. Сот қаулыларын ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, өтініш берушінің – соттарда тараптардың мүдделерін өкілдейтінін растайтын судьялардың немесе клиенттердің ұсыным хаттары да қабылданады.

Сотта әрекет ету құқығына қол жеткізу мақсатында тіркелу үшін ejustice.aifc.kz мекенжайы бойынша eJustice жүйесінің ресми веб-сайтына кіріңіз немесе жоғарыда аталған құжаттаманың сканерленген және қол қойылған көшірмелерін қоса тіркей отырып info@aifc-court.kz мекенжайына электронды хат жолдаңыз.