ТРЕНИНГ ОРТАЛЫҒЫ

ТРЕНИНГ ОРТАЛЫҒЫ

АХҚО Соты мен Халықаралық Төрелік Орталығы жанындағы Тренинг орталығы әлемге танымал жаттықтырушылармен және мекемелермен бірлесе отырып халықаралық дауларды шешу бойынша оқытуды ұсынады Ол судьялар заңгерлер дауларды шешу саласындағы өзге де мамандар мен құқық үстемдігіне қызығушылық танытқан тұлғаларды қазіргі заманғы халықаралық инвестициялық орталықта табысты жұмыс істеу үшін қажетті халықаралық стандарттарға сай біліктілік пен дағдыларға үйретеді Оқыту бағдарламасы кең ауқымды қамтиды атап айтқанда онлайн және офлайн адвокаттық шеберлік дағдылары арбитр мен медиатор шеберліктері құқық пен бизнестің өзара байланысы халықаралық коммерциялық шарттарды түсіндіру ағылшын құқығы жүйесіндегі судья біліктілігі сарапшы куәгер ретінде сөйлеу дағдылары.

Жас заңгерлерді дамыту мақсатында стажировка бағдарламалары мен түрлі студенттік жарыстар ұйымдастырылады олардың қатарында жыл сайын өтетін AIFC Court Moot жыл сайынғы IAC Central Asia Vis Pre-Moot және жыл сайын өтетін АХҚО Соты мен IAC ұйымдастыратын High Schools Mediation Competition.

Алдағы тренингтерден хабардар болу үшін біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.

СТАЖИРОВКА БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

AIFC Соты заңгерлік қауымдастыққа жоғары сапалы білім мен оқытуды ұсынуды қолдайды. Стажировка бағдарламасы тәжірибелі және болашақ заңгерлерге халықаралық стандарттарға сай іс жүргізу үдерісін түсінуге бірегей мүмкіндік береді. Стажерлер халықаралық дауларды шешу саласында тәжірибелік дағдыға ие болады. Стажировкалар икемді форматта – онлайн және офлайн түрде өткізіледі. Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін, стажерлерге Ұлыбританияның Лондон қаласы мен Австралияның Аделаида қаласында филиалдары бар халықаралық LK LLP заңгерлік компаниясында 1 айлық қосымша стажировкадан өтуге өтінім беруге мүмкіндік беріледі. LK – AIFC Соты және ХТО (IAC) стажировка бағдарламасы жыл сайын маусым айында өтеді. AIFC Соты сонымен қатар клерк бағдарламасын және басқа да волонтерлік мүмкіндіктерді ұсынады.

ФОРМАТЫ:

  • онлайн / офлайн

ТАЛАП ЕТІЛЕТІН БІЛІКТІЛІК:

  • Университетте немесе соған тең білім беру мекемесінде оқып жатқан студент (немесе AIFC Соты және/немесе ХТО қол қойған келісімдерге сәйкес);
  • Жақсы академиялық және жеке көрсеткіштер;
  • Дауларды шешу саласына қызығушылық танытатын, ынталы студенттер;
  • Ағылшын тілінде ауызша және жазбаша жоғары деңгейде сөйлей алу, сондай-ақ компьютерлік дағдылардың жоғары деңгейі.

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

  • Ағылшын тілінде жазылған түйіндеме (CV): оқу және/немесе жұмыс тәжірибесі, компьютерлік дағдылар, студенттік мәртебесі және стажировкаға нақты қолжетімді күндері көрсетілуі тиіс. Стажировканың мәніне сай тәжірибеге ерекше назар аудару қажет;
  • Ағылшын тіліндегі сопроводительное хат (cover letter): стажировка кезінде қандай дағдылар мен тәжірибе алғысы келетіні және AIFC Соты мен ХТО-ға қандай үлес қоса алатыны жазылуы тиіс;
  • Академиялық транскрипттің көшірмесі және қажет болған жағдайда курстық жұмысты бірге орындаған оқытушыдан ағылшын тілінде жазылған ұсыныс хаты.

Стажировка бағдарламасына өтінім беру үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды info@aifc-court.kz электрондық поштасына жолдауыңызды сұраймыз.