Біз туралы БАҚ

Лондонда Қазақстандағы халықаралық дауларды шешу саласындағы озық тәжірибелер талқыланды. Астана халықаралық қаржы орталығының Соты мен Халықаралық төрелік орталығының өкілдері жеті жыл ішінде қол жеткізген нәтижелерін ұсынып, өңірлік арбитраж саласындағы өзекті мәселелерді ортаға салды. Кездесу барысында қатысушылар халықаралық төрелік жүйенің даму бағыттарын, құқықтық инфрақұрылымды жетілдіру тетіктерін және АХҚО-ның осы бағыттағы рөлін талқылады.
Ухань Арбитраж комиссиясы мен Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды. Бұл құжат "Бір белдеу, бір жол" бастамасын қолдау және халықаралық арбитраж саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында жасалды. Ухань Арбитраж комиссиясы тарапынан меморандумға Комиссия кеңсесінің басшысы Ло Пин қол қойса, АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы тарапынан — Тіркеуші және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт құжатқа қол қойды. Іс-шараға сондай-ақ Ухань Арбитраж комиссиясы кеңсесі басшысының орынбасары Су Цинь қатысты.
2025 жылғы 28 мамыр күні Ухань төрелік комиссиясы (Ухань халықаралық төрелік орталығы) мен Қазақстандағы АХҚО Соты және Халықаралық төрелік орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға онлайн форматтағы ресми рәсім аясында қол қойды. Аталған келісім халықаралық коммерциялық төрелік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасының сапалы әрі тұрақты дамуын ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам.
2025 жылғы 26 мамырда Астана қаласында Қытай саяси ғылымдар және құқық университеті (CUPL) Кеңесінің төрағасы Цзян Цзэтин және АХҚО Сотының тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Аталған меморандум АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы (IAC) және CUPL арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Биыл «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының және Халықаралық төрелік орталығының шешімдері барлық тараптарды 100 пайыз қанағаттандырды. Ағылшын жалпы құқық қағидаттары негізінде іс жүргізетін қос мекеме Лондонда жылды қорытындылады.
АХҚО соты ұйымдастырған жыл сайынғы студенттік байқау – AIFC Court Moot – жас заңгерлерге өз білімдері мен қабілеттерін көрсетуге бірегей мүмкіндік ұсынды.
Астана халықаралық қаржы орталығының Соты ұйымдастырған студенттік сот процесі байқауының жеңімпазы анықталды. «AIFC Court Moot» деп аталатын дәстүрлі байқау халықаралық сипатқа ие.
АХҚО Сот отырыстары конкурсы Қазақстанның сот жүйесінің дамуына қалай үлес қосады. Спикер: Кристофер Кэмпбелл-Холт, тіркеуші және аппарат басшысы, Халықаралық төрелік орталығы (ХТО).
Астана халықаралық қаржы орталығы мен Халықаралық арбитраж орталығы 2018 жылдың 1 қаңтарында құрылған. Ол – халықаралық стандарттағы бірнеше дәрежелі, тәуелсіз, бейтарап сот. Жаһандық деңгейдегі инвесторлар мен компаниялардың даулы мәселелерін шешуге бағытталған институт. Ал енді соттың негізгі күші – судья. Олар осы уақытқа дейін қанша іс қарады?
2017 жылдан 2023 жылға дейін Англия мен Уэльс Жоғарғы Сотының Бас судьясы қызметін атқарған Иан Дункан Бёрнетт, Малдон бароны, 2023 жылғы қарашада Астана Халықаралық Қаржы Орталығы (АХҚО) Сотының төрағасы болып тағайындалды.
Қазақстанда Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Соты мен Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) жұмыс істеп келе жатқанына шамамен жеті жыл болды. Олар алғаш рет локдаун кезінде өз тиімділігін дәлелдеді, ал санкциялар жағдайында одан әрі өзектілігін арттырды.
Коммерциялық төрелік саласындағы бірнеше онжылдық тәжірибесімен ерекшеленетін мансабында Халықаралық Төрелік Орталығының (ХТО) Төрағасы Томас Крюммель Қазақстанда балама дауларды шешу тәсілдерін ілгерілетуде маңызды тұлғаға айналды.
Жаһандық ықпал үшін күрес күшейген тұста, Түркия бұл өңірде – бұрын Ресей үстемдік еткен, ал қазір Қытай белсенді бола бастаған аймақта – негізгі ойыншы болуға ұмтылып отыр.
Астана халықаралық қаржы орталығының Соты сот ісін жүргізудің электрондық жүйесіне жасанды интеллекті енгізуде. Бұл туралы Бейжіңдегі Халықаралық заңгерлер апталығы аясында белгілі болды.
Келісімшартты жасасқанда тек 10 минут уақыт бөліңіз — дауларды шешудің ең тиімді жолын таңдаңыз. Осы мақалада мемлекеттік соттардың, Астана Халықаралық қаржы орталығы Сотының (АХҚО Соты), сондай-ақ АХҚО жанындағы Халықаралық төрелік орталығының (ХТО) артықшылықтары мен кемшіліктерінің қарапайым салыстырмасы берілген.
Бейжіңде әлемдік деңгейдегі білікті заңгерлер мен беделді ұйым өкілдерінің апталығы өтіп жатыр.
Халықаралық төрелік орталығы жұмысының жеңіл емес екені анық. Себебі орталық негізінен жер қойнауын пайдалану, сауда, мұнай-газ секторы, құрылыс, энергетика, ислам қаржысы, банкинг, зияткерлік құқық пен коммерциялық және азаматтық құқықтың басқа да салаларында төрелік қызмет көрсетеді.
Астана Халықаралық Қаржы Орталығының (АХҚО) Соты мен Халықаралық Төрелік Орталығында (ХТО) азаматтық және коммерциялық дауларды қарайтын төрешілердің 75 пайызы – әйелдер. Бұл көрсеткіш көптеген басқа елдермен салыстырғанда екі есе жоғары.
Халықаралық төрелік орталығы ArbitralWomen ұйымымен бірлесе отырып, Қазақстанда тұңғыш рет арбитраж саласындағы әйелдер күнін өткізді.
Бүгін Арменияның Жоғарғы Сот кеңесі Астана халықаралық төрелік орталығының атқарушы директоры әрі Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Сот ісін жүргізу бөлімінің басқарушы директоры Алмат Ігенбаевты, сондай-ақ Халықаралық төрелік орталығы мен Сот ісін жүргізу бөлімінің қызметкері Алина Төлегенованы қабылдады.
Сұхбат тақырыбы – Халықаралық төрелік сотындағы гендерлік әртүрлілік. Студия қонағы – АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығының тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт.
Спикер: Мэлдон Лорды Бернетт, АХҚО Сотының Төрағасы
«Астана» халықаралық қаржы орталығында осы орталық Сотының төрағасы Мэлдон лорд Бернетт пен АХҚО Халық­ара­лық арбитраж орталығының төрағасы Томас Крюммель­дің қатысуымен пікірталас сессиясы өтті.
2018 жылғы 1 қаңтарда құрылған сәттен бастап АХҚО соты мен ХТО 2 600-ден астам істі қарап, шешім шығарып, оларды орындады, даулы тараптардың барлығы бұл шешімдерге 100% қанағаттанған.
Астана Халықаралық Қаржы Орталығының (АХҚО) Соты мен Халықаралық Төрелік Орталығында (ХТО) панельдік пікірталастар өтті. Оған ХТО Төрағасы Томас Крюммель мырза және Ұлыбританияның Жоғарғы сотының бұрынғы судьясы – құрметті Райт Хон сынды беделді спикерлер қатысты.
Астана халықаралық қаржы орталығының соты мен халықаралық төрелік орталығы алты жылда 2600-дан астам инвестициялық дау-дамайды оңтайлы шешкен.
АХҚО сотының қазақ төрешілері Лондонда өткен Халықаралық даулар апталығына қатысты. Бұл мәртебелі шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 7 000-нан астам беделді заңгерлер жиналды
Кәсіпкерлер Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия және Қазақстан секілді «жас» әрі бейтарап төрелік орталықтарға көбірек назар аудара бастады. Сарапшылар бұл балама юрисдикциялардың әрқайсысы не ұсына алатынын түсіндірді.
Қытай астанасы Бейжіңде "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының және Халықаралық төрелік орталығының әлемдік деңгейдегі жаңа кеңсесінің ашылу рәсімі өтті.
Баку мемлекеттік университетінің ректоры Эльчин Бабаев АХҚО Соты мен ХТО өкілдері Алмат Игенбаев пен Бақдәулет Әмірхановты қабылдады.
Спикер: Лорд Бернетт Мэлдонский, АХҚО сотының төрағасы
Мэлдон Лорды Бернетт, «Астана» халықаралық қаржы орталығы Сотының төрағасы.
Қазақстан астанасында Ұлыбритания, АҚШ және Еуропа мен Азияның көптеген елдерінен 200-ден астам жетекші төреші, судья және дипломаттар Еуразиялық төрелік апталығына қатысу үшін жиналды.
Бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен АХҚО Сотының жаңадан тағайындалған төрағасы лорд Ян Бернеттің ресми ант беру рәсімі өтті.
Қазақстанға пандемияға дейін 300 млрд доллардан астам шетелдік инвестиция құйылған.