ЮРИСДИКЦИЯ

МФЦА СОТЫНЫҢ ЮРИСДИКЦИЯСЫ

АХҚО Сотының төмендегілерге қатысты істерді қарауға және сот шешімдерін шығаруға айрықша юрисдикциясы бар:

  1. АХҚО қатысушылары, АХҚО органдары және/немесе олардың шетелдік қызметкерлері арасында туындайтын кез келген даулар;
  2. АХҚО-да жүргізілген кез келген операцияға байланысты және АХҚО заңымен реттелетін кез келген даулар;
  3. Тараптардың келісімі бойынша АХҚО Сотына берілген кез келген даулар.

Бұдан басқа, АХҚО Соты АХҚО актілерін түсіндіруге қатысты айрықша құзыретке ие.